Сіздерді Ұлттық валютамыз - теңге күнімен және кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қаржы саласының қызметкерлері мен Бизнес және кәсіпкерлік мектебі факультетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Бухгалтерлік есеп» және «Экономика» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттері мен оқытушыларын бүгінгі айтулы мереке қарсаңында ерекше құттықтап, сіздердің ерен еңбектеріңізге, қажырлы жұмысқа, жоғары кәсібилікке ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер университетіміздің тұрақты дамуына, экономикалық тұрақтылық пен тиімділікті қамтамасыз етуге атсалысып, үлкен үлес қосып келесіздер.
Қаржы жүйесі - кез келген мекеменің негізі болып табылады, сондықтан да сіздердің күнделікті еңбек күшіңіз бен терең білімдеріңіз оқу ордамыздың қаржылық әл-ауқатының берік негізін қалауға көмектесуде. Әрбір істеген жұмыстарыңыз бен қабылданған шешімдеріңіз университетіміздің келешегі үшін маңызды, әрі қажетті.
Алдағы уақытта да өздеріңізге жаңа жетістіктер, кәсіби шыңдалу мен шығармашылық табыстар тілеймін. Отбасыларыңызға амандық, бақыт пен тыныштық, әр күндеріңізге қуаныш пен жаңа мүмкіндіктер тілеймін!
Құрметпен,
Шығыс Қазақстан Техникалық университеті ұжымы