12 желтоқсан күні "Ертіс концерт" залында "Ұлттық Құндылықтар - Ұлт қазынасы" тақырыбында "Үміт аруы" атты жас таланттар байқауы өтті.

Іс-шараға қазылар алқасы мен демеушілер ретінде ірі кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының, шағын және орта бизнестің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері шақырылды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ атынан қазылар алқасында басқарма мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі проректор Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы қатысты.

Айта кетейік, біздің университет осы іс-шараның демеушісі болды.

Байқауда 5 қатысушы қазақ халқының ұлттық бас киімдерін көрсетіп, айтып берді. Сондай-ақ би және театралды нөмірлерін көрсетті.

Қатысушылардың әрқайсысы номинацияға ие болды, ал ең таланттысы "Үміт ханшайымы" номинациясында гран-приге ие болды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!