Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және 11 желтоқсаны күні Өскемен қаласы әкімдігі жыл бойында жастар саясатын іске асыруға үлес қосқан облыс және қала жастарын марапаттау рәсімдері өткізді.

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІХ еңбек маусымының қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Үздік Оқу орны» марапатының иегері атанды.

Сондай-ақ, Өскемен қаласында мемлекеттік жастар саясаты саласын дамыту жолында аянбай қажырлы еңбек етіп, орасан зор үлес қосқаны үшін қала әкімі Жақсылық Омардың алғыс хатымен университетіміздің Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бас маманы М.С. Амринова, Физика орталығының аға оқытушысы З.Е. Арингожина, «Үміт» еріктілер тобының төрағасы, 21 АРК-1 тобының студенті Ж.Е. Умержанов марапатталды.

Аталмыш іс-шараға біздің студенттер қатысып, қолдау көрсетті.

«Алау - 2023» қала әкімдігінің жастар арасындағы сыйлығына арналған мерекелік концертте «Гормет» шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.