24.02.2026 ж. колледжімізде Облыстық психикалық денсаулық орталығының (наркология бөлімшесі) мамандарымен профилактикалық кездесу өтті.
Психологтар Ширшикова Кристина Геннадьевна мен Мурзабаева Галина Николаевна түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі мен алкогольді қолданудың физикалық және психикалық денсаулыққа тигізетін нақты зардаптары туралы жан-жақты баяндады.
Мамандар тәуелділіктің қалыптасу механизмдері, психоактивті заттардың ағзаға тигізетін зиянды әсері, сондай-ақ оның әлеуметтік салдары туралы кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушыларға тәуелділік мәселесі мен оның салдарын көрнекі түрде көрсететін тақырыптық мультфильм көрсетілді. Сонымен қатар, мамандар денсаулықты сақтау жөніндегі ұсыныстар мен статистикалық мәліметтер қамтылған ақпараттық презентация ұсынды.
Талқылау барысында энергетикалық сусындар мен вейптердің зияны, олардың жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына тигізетін кері әсері туралы мәселелер де қозғалды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Іс-шара барлық қатысушылар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды.
