Студенттердің рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, Университет тарапынан ағымдағы жылы да қаржы бөлініп, облыстық драма театрының қойылымдарына бару ұйымдастырылды. 24 сәуірден 31 мамыр аралығында студенттер қазақ және орыс театрының репертуарларынан «Замана неткен тар едің», «Похищение», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектакльдерін тамашалап, көпшіліктің көңілінен шыққан саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры баяндалатын «Алжир» спектаклінің премьераларын көріп, рухани азық алып қайтты.

Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды тарихи және қазіргі өмір мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастыруға және қайта қарауға мәжбүр етті.

Нәтижесінде театрға 120 студент барды. Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.