3 маусым күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бас корпусының акт залында магистрлік «Технологиялық кәсіпкерлік» білім бағдарламасының таныстырылымы өтті.

Іс-шара Бизнес және кәсіпкерлік мектебі, білім бағдарламасының контентін жасауға ат салысқан еуропалық серіктестер, Орталық және Орта Азиядан келген қонақтардың қатысуымен өтті.

Университет түлектеріне және магистратураға түсемін деушілерге «Технологиялық кәсіпкерлік - сенімділік серпінің»✨ тақырыбында перфоманс ұйымдастырылады. Көңілді екпінде өткен іс-шара барысында білім бағдарламасының артықшылықтары, ерекшеліктері, мәні мен мазмұны таныстырылды. Технологиялық кәсіпкерлік заман өзгерісіне жауап бере алатын бағдарлама. Илон Маск сынды әлемдік деңгейдегі ойлап тапқыштардың жұмыс нәтижелері, бизнес нарығының көшін бастап келеді. Білім бағдарламасының мақсаты - бұл жаңа көрінісімен үйлесім тауып, өз ортамыздан кәсіпкер инженерлер шығару, технологиялық бизнестің заңдылықтары мен тәжірибесін алғашқы болып меңгеру.

Таныстырылым барысында University of Santiago de Compostela, University of Naples Federico IІ, Karaganda University of Kazpotrebsoyuz, Тechnological University of Tajikistan, Tajik State University of Tajikistan өкілдері сөз сөйлеп, түлектерге және білім бағдарламасының алғашқы жол бастар азаматтарына ізгі тілектерін білдірді.

Перфоманс барысында, қатысушылар қағаз ұшақтарға өздерін екі жылдан соң қалай көретіндерін жазып, уақыт капсуласына салды. Капсула Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ауласына көмілді.

Айта кету керек, Фридрих ІІ атындағы Неполь университеті 5 маусым күні өзінің 798 жылдық жылдығын атап өтпек. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ түлектері мен ұстаздары Еуропаның ең көне білім қарашаңырағына челлендж арқылы сәлем жолдап, құттықтау айтты.