Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жаңа оқу жылын серіктес кәсіпкерлік өкілдерімен кездесуден бастады. Жай ғана жүздесу емес, болашаққа бағытталған инвестиция десек артық емес. Яғни, жеке мансапты өсіруге ықпал ететін танысулар.
Бірінші қыркүйек күні «Құрылыс», «Металлургия», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Кен ісі» білім бағдарламаларының студенттері «Казгипроцветмет» ЖШС өкілдерімен кездесті.
Компания қызметкерлері өз стратегиялары мен корпоративтік құндылықтар туралы кең әңгіме өрбітті.
Жобалық институт 1947 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Табысты қалыптасу мен дамудың көп жылдық тарихы, бай тәжірибесі, кәсіби инженерлік кадрлары, заманауи бағдарламалық кешендерді пайдалануы жобалау ісі мен инжиниринг нарығында компанияның тұрақты бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Институт жобалаудың барлық кезеңдерін - ТЭН-ден бастап РЖ-ға дейін, тау-кен өндіру өнеркәсібі, кен байыту және металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі үшін күрделі жобаларды орындайды.
Компаниямен танысуға бағытталған жиын студенттерді өндірістік тәжірибеге тартып, кейіннен жұмысқа орналастыру үшін өті.
Биыл қабілетті студенттерді қолдау үшін Институт жаңа жоба бастады. Қажетті мамандықтар бойынша білікті жұмысшыларды дайындауға бағытталған стипендиялық бағдарлама іске қосылды. Конкурстық негізде үміткерлер іріктелсе, бірінші кезекте, GPA үлгерім көрсеткіштеріне қарайды.
Стипендиялық бағдарлама студенттердің жұмысқа орналасуына кепілдік береді. Диплом алғаннан кейін кәсіпорында 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.
Стипендия мемлекеттік грантқа немесе ЖАО грантына қарамастан тағайындалады.