16 қыркүйек күні Алматы қаласында «Жас сәулетшілер кубогі 2022» байқауы өтті. Сәулет және құрылыс мектебінің 18-Ар-1 тобындағы стдуенттер Ляпунова Галина, Ахаева Ангелина, Цыбульникова Анастасия және Багавиева Даяна құрметті 2 орын иегерлері атанды.

Байқау екінші рет өтіп отыр. Алғашқы сәулетшілер кубогі 2019 жылы өтіп, тек Алматы қаласынан ғана 100 сәулетші қатысты.

Биылғы байқауға бүкіл Қазақстан төңірегінен жас сәулетшілер мен студенттер қатысты. Кубок ҚР Сәулетшілер Одағының кеңсесі орналасқан «NURTAU» гольф клубының аумағында өтті.

Студенттер мен профессорлық оқыту құрамын нәтижелі жеңсімен құттықтаймыз!