Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Өскемен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан Полициясы – қызметтер жүйесінен тұратын және елдегі тәртіпті күзететін мемлекеттік орган. Республикадағы тыныштықты сақтауға бағытталған кең қызметтер түрлерін жүзеге асырады.

Жиын барысында Ертіс полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Қанат Бияхметұлы Өтелбаев ІІО-дағы жұмысқа орналасу жағдайлары, құқық қорғау қызметіне тест тапсырудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып, жұмысқа орналасу кезінде қажетті құжаттар тізімін, ҚР және РФ ІІМ академиясында әлеуметтік жеңілдіктер алу және оқу мүмкіндігімен таныстырды.

Студенттерді ішкі істер органдарында қызмет ету ерекшеліктері қызықтырды: 1) Жұмыс берушінің есебінен оқыту және біліктілігін арттыру; 2) тұрақты және уақтылы жалақы; 3) отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеу; 4) сауықтыру жәрдемақылары; 5) мансаптық өсу; 6) ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету; 7) арнайы атағына байланысты 48 жаста зейнетке шығу.

Қанат Бияхметұлының баяндамасынан кейін студенттер көптеген сұрақтар қойды. Әсіресе іріктеу критерийлеріне қызығушылық танытты: жасы - 35 жастан аспайды; қыздар үшін Бойы 165 см-ден кем емес, ерлер үшін 170 см-ден төмен емес; білімі қатардағы адамдар үшін орта, орта басшы құрамдағы адамдар үшін жоғары білім.

Кездесуден кейін Қанат Бияхметұлы жеке кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мысалдар келтірді. Басынан өткен түрлі оқиғаларды айтып, студенттер қызығушылығын тек жандандыра түсті.