Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде облыстың ғылыми интелигенциясы мен ЖОО студенттерді Нобель сыйлығының лауреаттары Вютрих Курт және Святослав Тимашевпен, атақты ғалымдар Клаус Тиссен, Алексей Кавакин және Джузеппе Эрамомен кездесті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аталмыш кездесу білікті ғылыми, инженер кадрларын даярлайтын Қазақстанның ірі университеттерінің бірінде өтіп отырғаны тегін еместігін айтты.

Мұнда ғылыми-инновациялық қызметтің заманауи инфрақұрылымы жаңартылып, жұмыс атқарады, - деді Б.Сапарбаев - Өтіп жатқан шараларға ШҚМТУ белсене қатысып отыр.

ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа және шараны ұйымдастырушыларға ғылым әлемінде атты мәшһүр атақты ғалымдармен, Нобель  сыйлығының лауреаттарымен ғылыми интеллигенция және студенттердің кездесуіне жағдай   туғызғаны үшін алғыс айтты.

Ғылым қайраткерлерімен каздесу бір сағаттан  астамға созылды. Әңгіме барысында меймандарға болашақтың энергетикасы, инноваиялық технологиялар, физика мен химия саласындағы білімдерге қатысты сұрақтар қойылды.

Белгілі ғалымдар ғылымдағы табысының құпиясы туралы сыр шертті. Ең бастысы - өз ісіңе шексіз берілу. Егер адам бірдеме білгісі келсе, осының өзі шексіз қозғаушы күш болып табылады, - деді Святослав. Тимашев. Басқа ғалымдар оны толық қолдады. Ғалымдар жастарға шет тілдерді көп білу керектігін ескертті, өйткені ол қажет ақпарат алу шекарасын кеңейтеді, шетел ғалымдарымен байланысты нығайтады, әлемдік ғылыми қауымдастыққа сіңісуге жол ашады.