2026 жылдың 18–22 мамыр аралығында өткен «WorldSkills Shygys – 2026» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында оқу орнымыздың студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысқан чемпионатта сайыскерлер өз құзыреттіліктері бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тәжірибелік тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Байқау барысында қатысушылар шығармашылық ізденістерін, заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын және мамандыққа деген қызығушылықтарын айқын дәлелдей білді.
Байқау қорытындысы бойынша:
- «Компьютерлік ойындардағы 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша
Секишев Али Талғатұлы – І орын иеленді. Жетекшісі: Балтабекова Алуа Касеновна.
- «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша
Заботин Ярослав Вячеславович – І орын иеленді. Жетекшілері: Омартаева Айнұр Ермековна, Омарбекова Анель Айдосовна.
- «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша
Давыдова Захара Константиновна – ІІ орын иеленді.
Жетекшісі: Қарсақова Айгерім Есболқызы.
Д.Серікбаев атындағы жоғары IT колледжінің студенттері чемпионат барысында жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз мамандықтарына деген қызығушылықтары мен кәсіби біліктіліктерін дәлелдеді. Бұл жетістіктер — студенттердің табандылығы мен жетекшілердің сапалы еңбегінің нәтижесі.
Сонымен қатар, «Компьютерлік ойындардағы 3D модельдеу» құзыреттілігі бойынша байқауға дайындық барысында көрсеткен әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдауы үшін Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығына және орталық басшысы Четтыкбаев Руслан Қайратұлына ерекше алғыс білдіреміз.
Жеңімпаздарымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Колледжіміздің абыройын асқақтатып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!



