2026 жылғы 21 мамырда Жоғары IT колледжінің студенттері Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жазғы маусымның ашылуына арналған «JasStar alemi» атты қалалық жастардың Open Air іс-шарасына қатысты.

Ауқымды іс-шара Комсомол аралында өтіп, қаланың белсенді, шығармашыл әрі бастамашыл жастарының басын қосты. Бағдарлама барысында қатысушылар түрлі командалық сайыстарда бақ сынап, ұйымшылдықтарын, креативтіліктерін, көшбасшылық қасиеттерін және нағыз командалық рухтарын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT колледжінің командасы құрметті II орынды иеленді.

Біздің студенттер оқу орнын лайықты деңгейде таныстырып, белсенділік, жігер және жеңіске деген ұмтылыс көрсетті.

Қатысушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер, жарқын әсерлер мен толағай табыстар тілейміз! Жеңістеріңіз колледжіміздің мерейін асқақтата берсін!