25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде ерекше де әсерлі мереке:  Соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл - мектеп өмірінің маңызды кезеңін қорытындылап, жаңа белестерге бастар жарқын жолдың бастауы.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті қаладағы 49 жалпы білім беретін мектептің ұстаздарын, ата-аналарын және оқушыларын шын жүректен осы айтулы күнмен құттықтайды!

Университет өңір мектептерімен көптеген жылдар бойы кәсіби бағдар беру, білім беру және ғылыми жобалар аясында тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Бірлескен кездесулер, шеберлік сабақтары, олимпиадалар, экскурсиялар мен танымдық іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауға, қабілеттерін дамытуға және өз мүмкіндіктерін ашуға жол көрсетуде.

Бүгінгі мереке - мектеппен қоштасу ғана емес, үлкен армандар мен жаңа мүмкіндіктерге қадам басатын ерекше сәт.

Жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі әрі бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына зор үлес қосып жүрген ұстаздар мен ата-аналарға алғысымыз шексіз.

Құрметті түлектер!

Сіздерге сенім мен шабыт, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктер тілейміз. Білімге деген ұмтылыстарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз болашақтағы табыстарыңыздың берік негізі болсын!

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ талантты, ізденімпаз жастарға әрдайым қолдау көрсетіп, болашақ студенттерін университет қабырғасында қарсы алуға қуанышты.

Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын! Ақ жол, жас түлектер!