Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бес студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бір семестрге Қытайдың Шихэцзы университетіне аттанды. Бұл жоба Қазақстан мен Қытай университеттерінің тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Бағдарламаның мақсаты – қытай тілін тереңдетіп үйрену, Қытай мәдениетімен танысу және студенттердің академиялық әрі мәдени тәжірибесін кеңейту.     Бағдарлама қатысушыларының қатарында «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының студенті Қадыров Радмир, «Экономика және менеджмент» бағдарламасының студенті Айткеш Данял, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистрант Серғазы Қазыбек, «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» бағдарламасының студенті Нұржанұлы Мағжан және «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының студенті Чайзадина Әмина .

Бұл сапар студенттерге тек тілдік дағдыларын жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар жаңа білім беру ортасымен, мәдениетпен және дәстүрлермен танысуға, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе олардың кәсіби және тұлғалық дамуына маңызды қадам болмақ. 

Біз студенттердің осындай бағдарламаларға қатысуы университетіміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз. Алдағы уақытта достық байланыстарды нығайтып, академиялық мобильділікті арттыратын және болашақ мамандардың сапалы даярлығын қамтамасыз ететін жобалардың арта беруін тілейміз.