2025 жылғы 30 қыркүйекте ШҚТУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында «Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы - 2025: негізгі басымдықтар мен іске асыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Архитектура», «Химиялық инжиниринг» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері, сондай-ақ Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің мамандары қатысты. Кафедра оқытушылары өз баяндамаларында Жолдауда көтерілген негізгі бағыттар - цифрландыру, саяси реформалар, әлеуметтік саясат, әділеттілік пен азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық мәдениет мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында кафедра оқытушылары мазмұнды баяндамалар жасады. Саяси ғылымдар кандидаты Линок С.А. елдің демократиялық институттарын нығайтуға бағытталған саяси реформаларды саралады. Аға оқытушы Баталова Ж.В. жасанды интеллекттің артықшылықтары мен кемшіліктерін және оның адамның психикалық дамуына ықпалын талдады. Философия магистрі Садвакасова Ж.А. азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған әлеуметтік бастамаларға тоқталды, ал педагогика және психология магистрі Самадиева М.О. қоғамдағы дөрекілік пен агрессияның психологиялық себептерін қарастырды. Дөңгелек үстелдің модераторы тарих ғылымдарының кандидаты Калиева К.С. болды. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі Капасова Г.З., оқытушылар Джаксылыков А.Ф., Нуржайнат Касен және ӘЖСМП маманы Амринова М.С. талқылауға белсене қатысып, баяндамашыларға мазмұнды сұрақтар қойды.

Қатысушылар Президент Жолдауы ел дамуының стратегиялық бағдарларын айқындап қана қоймай, бірлікке, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке үндейтінін атап өтті. Білім, мәдениет және заманауи технологиялар әділетті әрі сыйластыққа негізделген қоғам қалыптастырудың тірегі екендігі айтылды. Осы тұрғыда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары ұлттық сананы дамытуға, азаматтық құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ болашақ инженерлерді кәсіби білікті маман ғана емес, елдің жауапты азаматы ретінде тәрбиелеуге қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.