Алдағы уақытта "Жас Отан" ЖҚ-ның кезекті съезінде бекітілетін стратегиялық бағдарламаға өңіріміздегі өзекті мәселелері мен ұсыныс-пікірлерін жолдау мақсатында "Нұр Отан" партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ә.Мұхтарханов жастар саясатының бел ортасында жүрген азаматтарды жинап, жастар саясаты мен жастардың мәселелері жөнінде (оның ішінде "Серпін" , "Дипломмен ауылға" бағдарламалары,"Сәтті қадам" партиялық жобасы, жастарды жұмыспен қамту немесе баспана мәселелері және т.б.) шұғыл жиын өткізді. Жастардың барлық мәселелері қарастырылып, жинақталған ұсыныстар, мәселелер және оның шешілу жолдары партияның орталық аппаратына жолданатын болады.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ
«Жас Отан» жастар қанаты