Жаздың соңғы айында 27943 әскери бөлімінің оқу-материалдық базасын пайдаланып, ШҚМТУ-дың әскери кафедрасының соңғы курс студенттері оқу жиынын және практика өткізді. Оқу курстары студенттердің командалық және методикалық машығын жетілдіру, әскери техниканы меңгеру және басқа да әскери білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Басты оқиға курсанттардың ант қабылдауы болды. 299 студент Қазақстан халқына, оның Президентіне берілгендігі жөнінде ант қабылдады.

24 тамызда әскери кафедраны бітірушілердің күні аталып, әскери-патриоттық ән байқауы өтті.

Оқу жиындары қорытындысында емтихан тапсырылды.

Жанат Намысбаева