13 сәуірде сағат 16:30-да Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және ҰЗЯУ МИФИ екі жоғары оқу орындарының бірлескен күшімен «ШҚМТУ-мен шекарасыз білім» тақырыбында онлайн-вебинар өтті.
ҰЗЯУ МИФИ тарапынан қатысушылар ретінде: ҰЗЯУ МИФИ проректоры, Леонова Татьяна Николаевна, "Материалтану" ЯФжТИ бірлескен білім беру бағдарламасының кураторы, Сучков Алексей Николаевич, ИНТЭЛ ҰЗЯУ МИФИ оқу бөлімі бастығының орынбасары, "Наноэлектроника" бірлескен білім беру бағдарламасының кураторы, Бакеренков Александр Сергеевич, ЯФжТИ ҰЗЯУ МИФИ директорының орынбасары, Астапов Иван Иванович, ҰЗЯУ МИФИ университетіне қабылдауды ұйымдастыру және оқу қызметін қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Цветков Игорь Владимирович, ҰЗЯУ МИФИ білімді экспорттау басқармасы бастығының орынбасары, Бобыло Андрей Михайлович және ЯФжТИ ҰЗЯУ МИФИ оқу бөлімі бастығының орынбасары Шибаев Константин Игоревич сөз сөйледі.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарапынан: оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Конурбаева Жадыра Тусупкановна, халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының директоры, материалтану бойынша БББ жетекшісі Сегеда Тамара Александровна, инженерия мектебінің деканы Акаев Айбек Мұратбекұлы, "Электроэнергетика және наноэлектроника" БББ жетекшісі, инженерия мектебінің аға оқытушысы Сарсенова Айжан Әскербекқызы, ШҚМТУ кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Трофименко Светлана Александровна, сонымен қатар қабылдау комиссиясының хатшысы Дауылбаева Әсел Советбекқызы қатысты.
Вебинардың мақсаты болашақ мектеп түлектерін ақпараттандыру және «Материалтану және атом өнеркәсібі материалдарының технологиялары», сондай-ақ «Электр энергетикасы және наноэлектроника» қос дипломды БББ-мен таныстыру болды.
Бұл іс-шара қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және бірден екі жетекші ЖОО-мен тікелей байланыста кеңес алуға мүмкіндік берді.
Өткен онлайн вебинар қашықтықтан жұмыс істеу тәжірибесінің тиімділігінің тікелей көрсеткіші болып табылатынын атап өткен жөн.
Совместные образовательные программы ВКГТУ-МИФИ
Совместная программа бакалавриата «Материалы и технологии материалов атомной промышленности»
Совместная программа бакалавриата «Электроэнергетика и наноэлектроника»