Колледжде оқытушы құрамының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс‑қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыс жүргізілді.

Іс‑шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаменті тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.

Кездесу аясында оқытушыларға төмендегілер ұсынылды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнематериалдар;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік, сондай-ақ әр қызметкердің білім беру ортасында коррупциялық тәуекелдерді алдын алуындағы рөлін ашатын презентация.

Жүргізілген жұмыс педагогикалық қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті қалыптастыруға және білім беру қызметінде заңдылық пен ашықтық қағидаларын нығайтуға бағытталған.