Oskemen Hub базасында мемлекеттiк қызметшілерге арналған даярлау курстары шеңберінде шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағының тақырыбы - Мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері.

Іс-шара аясында келесі спикерлер Четтыкбаев Руслан Қайратұлы, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер мен технология трансфері орталығының жетекшісі, Мұратұлы Дидар, Oskemen Hub жетекшісі сөз сөйледі.

Семинар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының және Oskemen Hub-тың қолдауымен ұйымдастырылды.