Ағымдағы аптада зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың негіздеріне арналған оқыту іс-шарасы басталды. Бұл оқытуға ғылыми қызметкерлер мен ғылыми жобаларды басқарумен айналысатын мамандар қатысуда. Олар өздерінің ғылыми және инновациялық қызметінің нәтижелерін тиімді қорғауға мүдделі.

Бағдарлама аясында зияткерлік меншікті қорғаудың негізгі аспектілері қарастырылады. Атап айтқанда, объектілерді тіркеу тәртібі, құқықтық қорғау тетіктері, патенттік құжаттамамен жұмыс істеу және лицензиялау мәселелері жөнінде практикалық ұсынымдар беріледі.

Қатысушылар алынған білімнің өзектілігі мен тәжірибелік бағыттылығын жоғары бағалап, мұндай іс-шаралардың құқықтық сауаттылықты арттыруда және ғылыми зерттеу нәтижелерін тиімді басқаруда маңыздылығын атап өтуде.