Тілдер құзыреттілігі орталығының "Абай" және "Пушкин" клубтары, сондай-ақ университетіміздің Ж. О. Құлсейітов атындағы кітапхана қызметкерлері бірігіп, тағылымы мол мәдени шара ұйымдастырды. Аталған іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналды.
Мерекелік жиынның мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу, жастардың рухани дамуына ықпал ету және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шара аясында ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылығына талдау жасалды, студенттер мен оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, кітапхана қорындағы Абай еңбектерінің көрмесі, нтелектуалды квиз ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды. Бұл іс-шара университет қабырғасында әдебиет пен руханиятқа деген құрметтің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен асыл сөздері әлі де талай буынға жол көрсетері сөзсіз. Осындай рухани бай шаралар – елдің мәдени келбетін қалыптастырудағы маңызды қадам.