Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да университеттің білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу аясында сыртқы аудит жүргізу үшін «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) сараптамалық тобы жұмысын бастады.
«АРТА» сыртқы сараптама комиссиясының халықаралық аккредиттеуі 6 білім беру бағдарламасы бойынша өтеді:
- 6B08601 - Су ресурстары және су пайдалану;
- 6В07115 — Автомобиль жолдарын жобалау және салу;
- 7M06101 — Ақпараттық жүйелер;
- 7M06102 — Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
- 8D06101 — Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша);
- 7M07304-Автомобиль жолдары.
Әріптестерімізге білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау рәсімінен сәтті өтуін тілейміз.
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы!