Бизнес-мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушылары 10-11 сынып оқушылары мен Шығыс Қазақстан облысының колледж түлектері арасында «NOMAD FEST» облыстық олимпиадасының финалдық кезеңін өткізді. Олимпиада Отан тарихын, көшпелі халықтардың мәдениеті мен өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ көшпелі өркениетке деген қызығушылықты, шығармашылық ойлауды және терең зерттеуді дамытуға бағытталған.
Финалистер көшпенділердің тарихы, рухани және материалдық мәдениеті тақырыптарында бейнероликтер ұсынды. Олимпиадаға Риддер, Өскемен қалалары және Глубокое ауданының оқушылары қатысты. Қазылар алқасы жұмыстарды өзіндік ерекшелігі, жаңалығы, мазмұны, тақырыпты ашудың толықтығы, сондай-ақ сөз сөйлеу сапасы мен қатысушылардың шешендік шеберлігі бойынша бағалады.
Қазылар алқасы барлық жұмыстардың ерекше ынталандыруға лайық екенін атап өтті. Қатысушылар тапсырмаға шығармашылықпен қарап, презентациялар мен бейнероликтер ұсынып, ұлттық киім мен зергерлік бұйымдардың элементтерін қоса, сыртқы келбетіне назар аударды.
10-11 сынып оқушылары келесідей жүлделі орындарға ие болды: 1 орынды Өскемен қаласының №15 орта мектебінің оқушысы Дулатқызы Толғанай, 2 орынды Глубокое ауданының Д. Қонаев атындағы орта мектебінің оқушысы Огузбаева Алина, Риддер қаласының №1 орта мектебінің оқушысы Чугарина Софья, Глубокое ауданының Тарханка ауылының орта мектебінің оқушысы Данешева Карина, 3 орынды Өскемен қ. Ш. Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейінің оқушылары Елтай Айша, Сәбитқызы Айзере, Риддер қ. № 1 мектеп-лицейінің оқушысы Шипулина Вероника, Өскемен қ. Абай атындағы № 33 орта мектебінің оқушысы Мәдениетқызы Ақерке иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар, ал мектеп басшылары мен директорларына алғыс хаттар табыс етілді. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ - нің оқудың бірінші жылына 30% жеңілдік. Д Глубокое ауданы Тарханка орта мектебінің оқушысы Данишева Каринаға берілді.
Олимпиадаға қатысушылары үшін ШҚТУ 2 курс студенті Саветканова Гүлім музыкалық нөмірімен өнер көрсетті. Іс-шара қонақтары үшін фуршет ұйымдастырылды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар орталығының және «Алтын Алтай» мұражайының қызметкерлері экскурсия өткізді.
Салтанатты марапаттау аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар мен қонақтар олимпиада оқушылардың мәдени және зияткерлік дамуын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мұраны насихаттауға ықпал етті.