Бүгін университетімізде жастардың көрнекті тәлімгері болған, математик Тұрсынбек Ғизатұлы Жантасовтың 85 жылдығына орай "Жас математик" олимпиадасы өтті. Олимпиада математика пәні бойынша ең үздік, ең дарынды оқушыларды анықтау мақсатында 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиадаға 200 ге жуық Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан жиналған 9-11 сынып оқушылары қатысып, математикадан білімдерін ортаға салып, дәлдік пен нақтылықтың шыңында сайысқа түсті.

Жеңімпаздарды марапаттауға Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор Конурбаева Жадыра Тусупкановна, Тұрсынбек Гизатұлы Жантасовтың шәкірттері- Ақтанов Серік Қасымбекович қатысты. Жеңімпаздар медальдар, дипломдар, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жантасов атындағы «Жас математик» олимпиадасының ауыспалы кубогы Ұлан ауданы Марсеков атындағы орта мектепке табысталды.

Біздің университет дарынды оқушыларға олардың "өсу нүктесін", даму векторын анықтау үшін үлкен қолдау көрсетеді, нақты пәндер бойынша көптеген олимпиадалар мен конкурстардың ұйымдастырушысы болып табылады. Өйткені, осы жас жеткіншектердің білімдері - аймақтарды және тұтастай алғанда мемлекеттің дамуына мықты негіз болатынына сеніміміз мол.

Олимпиада демеушілері- Өскемен құрылыс-жол институты - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті түлектері:

  • Нұрасыл Болат
  • Ерембаев Өмірзақ
  • Қиялбаева Рысқайша
  • Қиялбаев Әбді
  • Искакова Жанна
  • Мұхаметқалиев Марат
  • Жақсыбаева Мәрия
  • Дүкенова Шарапат
  • Сыздықова Маржан
  • Түркістанов Мұрат
  • Кәрібаев Қайрат
  • Түрекенов Серік
  • Тәженов Болат
  • Садырбаева (Сапарова) Ләйлә
  • Таенов Алтай
  • Сеилқұмаров Еділ
  • Нұрсадықов Дархан
  • Мұздыбаев Ермек
  • Төлегенов
  • Бақытжан
  • Карпеев Дулат
  • Байырхан Дулат
  • Мамырқанов Нұртас
  • Тоқатаров Дәурен
  • Ақылбаева Бақболат
  • Ишкибаев Мұрат
  • Қабдолда Дәурен
  • Саутов Болат
  • Білімбаев Жанарбек
  • Малгаждаров Мүсілім
  • Талапбекова Асет
  • Рахимова Лаура
  • Айманбетов Нұрбол
  • Ануарбеков Айбек
  • Дюсупова Алмагул
  • Адиков Дәләлбек
  • Бүкеева (Қыстаубаева) Ляззат
  • Досқара Жақия
  • Қанатбекұлы Бақыт
  • Умаров Қуаныш