2015 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген пәндік олимпиада өткізу кестесі бойынша 2015 жылдың 27-28 наурызында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Жоғары оқу орнындағы студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша өткізеді.
Республикалық олимпиада негізінде кіретін 4 пән бойынша өтеді:
- Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру;
- Компьютерлік желілер;
- Объектіге бағытталған бағдарламалау;
- Интернет технологиясы.
Республикалық пәндік Олимпиада барлық аталған пәндер бойынша жазбаша түрде қазақ және орыс тілінде өтеді. Тапсырмалар теория және практикалық бөлімнен тұрады.
Студенттердің білімдері әр пән бойынша бөлек балл бойынша есептеледі. Әр тапсырма 100 балға бағаланады. Қорытынды баға әр пәннің қорытындысының орташа есебі болып табылады. Ең жоғары балл жинаған студенттер, Олимпиада жүлдегерлері болып есептеледі.
Өткізілетін уақыты мен аудиториясы белгіленген Олимпиада өткізу бағдарламасын қатысушылар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не келген кезде қолдарына алады.
Олимпиаданың қолданыс тілдері: қазақ, орыс.
Пәндік Олимпиадаға ЖОО-нан әр мамандық бойынша 3 студент қатыса алады. Студенттерде өздерімен бірге жеке куәлік және студенттік билет болуы тиіс. ЖОО-ның командасының жетекші оқытушылары болуы тиіс.
ЖОО-ры студенттерін олимпиаданың II кезеңіне қатыстыру үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не келесідегі құжаттарды жібереді:
- Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы көрсетілген ректордың (проректордың) қолы қойылған хаты немесе ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен рәсімделген хаттама;
- Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысуға өтінім (әр қатысушыға толтырылады)[өтінім нұсқасы].
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысушыларды мекен-жаймен қамтамасыз ете алмайды.
Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу құжаттарын 2015 жылдың 6 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің электрондық мекен-жайы: ndenisova@ektu.kz
Қатысушылардың іссапар шығындары (жолақысы, тұруы және тамақтануы) жіберген ЖОО есебінен төленеді.