«1С-Рейтинг» компаниясы әр жыл сайын өткізілетін есептеу, талдау мәселелерін бағдарламалау Халықаралық Олимпиадасына барлық дәрежедегі студенттерді және кәсіптік орта білім алып жатқан оқушыларды шақырады. Бағдармалау тілі ретінде қатысушы «1С:Предприятие 8» қолданбалы жүйесінің кіріктірме тілін пайдаланады.

Олимпиада екі турда өтеді. Бірінші тур Шығыс-Қазақстан облысы бойынша аймақтық олимпиада түрінде 2015 жылдың 18 ақпанында сағат 09:00 Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізіледі. Университет мекенжайы: Өскемен қ., Серікбаев к, 19 үй.

Аймақтық Олимпиада жеңімпазына «1С-Рейтинг» компаниясы Мәскеу қаласында өтетін олимпиаданың екінші турына тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Олимпиаданы өткізу жайында толық ақпарат «1С-Рейтинг» компаниясының сайтында орналасқан.