Аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттіктің ҚР жоғары оқу орындарының мамандар даярлау бағыттары мен деңгейі бойынша берген тәуелсіз рейтингтің нәтижесі бойынша 2014 жылы ЖОО-лардың докторантураның білім беру бағдарламалары жөніндегі жалпы рейтингінде біздің университет ТОР - 15-тің арасында төртінші орын алды.

ЖОО-лардың басты рейтингінде ШҚМТУ-дың 11 оқытушысы ТОР-30 тізіміне енді. Машина жасау және көлік факультетінің оқытушылары бірінші ондықта, олар:

3-орын - «Технологиялық машиналар мен қондырғылар» кафедрасының профессоры Гурьянов Георгий Александрович;

4-орын - «Техникалық физика» кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі Плотников Сергей Викторович;

8-орын - «Технологиялық машиналар мен қондырғылар» кафедрасының профессоры, факультет деканы Дудкин Михаил Васильевич;

9-орын - «Техникалық физика» кафедрасының профессоры Сқақов Мажен Қанапияұлы.

Университет оқытушылары республикалық деңгейде өздерінің ғылыми әлеуетінің, еліміз үшін білікті кадрлар даярлауда шеберлігінің жоғары деңгейін тағы бір көрсетті.