Достар! Студенттерге қызмет көрсету орталығында жеке кабинет арқылы оқыту процесінде босаған білім беру гранттарына өтініштерді онлайн-қабылдау жүргізіледі. Өтініштерді 19 қаңтарға дейін бере аласыздар.

Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде білім алушылар келесі құжаттарды тіркеуі қажет:

Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі өтінім берген кезде қолжетімді болады);
жеке куәлік көшірмесі;
білім алушылардың құжаттарына транскрипт студенттерге қызмет көрсету орталығымен ұсынылады.

Бос білім беру гранттарын беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық берешегі жоқ білім алушылар қатыса алады. Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.

Бос білім беру гранттары туралы мәліметтер