2018 жылдың 26 шілдесінде Volkswagen Foundation (Volkswagen Stiftung) қолдауымен «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» атты халықаралық жобаны жүзеге асыру аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де онлайн-конференция өткізілді. Конференцияға Берлин Техникалық университеті (Германия), Н. Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, транспорт және архитектура университеті, Бішкек гуманитарлық университеті (Қырғызстан) қатысты. Конференияда үміткерлерге арналған тағылымдамаларды ұйымдастыру сұрақтары, жоба бойынша негізгі нәтижелерді жариялау мүмкіндіктері, сонымен қатар Қырғызстандағы алғашқы жаздық мектепті өткізу бойынша сұрақтар талқыланды.

Біздің университет бойынша Берлин техникалық университетінде тағылымдамадан өту үшін Volkswagen Foundation ұйымдастыру комитетімен 10 сұранымнан Швец О.Я. кандидатурасы таңдап алынды (тағылымдама мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы- 2019 жылдың ақпан айы).

Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін келесі сұраным қабылдау 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында жүзеге асырылады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ осы халықаралық жобаға қатысуы біздің магистранттарға, докторанттарға және ПОҚ таңдаған бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуге, Германияда 3 ай көлемінде тағылдамадан өтуге, зерттеу нәтижелерін тек қана қазақстандық емес, сонымен қатар шетелдік басылымдарға жариялауға, сонымен қатар Орталық Азияның үш мемлекетінде ұйымдастырылатын (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) жаздық мектептерге қатысуға мүмкіндік беретінін еске саламыз. Біздің университетте толығымен Фольксваген қорымен қаржыландырылып отырған «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» жобасын Халықаралық жоғары техникалық Өскемен мектебі Инженерия факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырады.

Ж. Оналбаева