Д. Серікбаев атындағы жоғарғы IT- колледжінің әкімшілігі 15-16 қыркүйек күндері студенттердің ата –аналарымен онлайн жиналыс өткізді.

Шара барысында ата-аналар қашықтан оқу форматы және оқу орнынның ішкі тәртібімен танысты. Сондай-ақ, ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдарына сәйкес қашықтан оқыту жағдайында студент пен ата-ананың міндеттері мен жүктелетін жауапкершілігі айтылды. Жиналысқа қатысушылар колледж әкімшілігінен барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кездесу нәтижелі өтті.