Университеттің жастармен кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында Инженерия факультеті ашық есік күнін өткізді. Шараға 400-ден астам ауылдық мектеп және Өскемен қаласы түлектері қатысты. Факультетте жақсы дәстүрге айналған бұл шара талапкерлерге болашақ мамандықты таңдауға жәрдемдесу, университетпен таныстыру және қабылдау тәртібі туралы толық ақпарат ұсыну сынды жұмыстарды қамтиды.
Кездесу барысында қонақтар назарына инженерлік бөлім туралы фильм ұсынылды. Декан Михаил Дудин кафедра құрылымы, оқытушылары, ғылыми, шығармашылық және спорттық өміріндегі жетістіктері, жоспарланған іс-шаралары және халықаралық ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Ал Инженерия Факультетінің белсенді студенттері концерттік бағдарлама даярлаған.
Сондай-ақ ашық есік күні аясында іс-шараға «БИПЭК Авто» және «Азия Авто» өкілдері де қатысты.
Қорытындылай келе, талапкерлер мен олардың ата-аналарына арналып Университетте оқудың барлық артықшылықтарымен танысуға болатын бас оқу ғимаратына, зертханаларға және «Үлкен Алтай» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Білім беру ғана емес, студенттердің оқу үрдісінен тыс өміріне де қажетті жағдайлары жоғары деңгейде ұйымдастырылған Инженерия факультетінің оқу ғимараты таныстырылды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі