Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Ашық есік күні өтті.

Болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарына университет ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Нұрлан Темірбеков ЖОО жайлы жан-жақты мағлұмат берді. Факультет декандары өз мамандықтары жайлы әңгіме шертті. Жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық және университетке қабылдау бөлімінің бастығы Венера Манашева мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Валентина Колпакова ЖООға қабылдау жөнінде ақпарат берді.

Болашақ талапкерлер ШҚМТУ студенттерінің факультеттер, мамандықтар, студенттік өмір туралы әңгімелерін қызыға тыңдады. Олар сапалы білім, студенттердің таланты мен қабілетін дамыту, қоғамдық, ғылыми, спортпен айналысу жолында университет туғызып отырған жағдайға кеңінен тоқталды. Шара барысында студенттер ән салып, би биледі. Ең соңында балалар мен ата-аналар университетке экскурсия жасады.