Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да университет оқытушысы Тұрсынбек Ғизатұлы Жантасов атында аймақтағы мектеп оқушыларының арасында математикадан олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Олимпиаданың салтанатты ашылуына университет ректоры Н.М.Темірбеков, балалардың ата-аналары, ұстаздар қатысты. Жюри мүшелері - ШҚМТУ жоғары математика кафедрасының оқытушылары.
Олимпиада екі турда өтті. Оның қорытынды көрсеткіштері бойынша бірінші орын Тоғжан Сержановаға берілді. Ол К.Біләлов атындағы гимназияда оқиды (Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы).
Екінші орында - Балшекер Заманова, Жамбыл орта мектебі (Катонқарағай ауданы) және Салауат Қайырбеков (Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы).
Үшінші орын алғандар Әлия Әскербекова, Ақсуат орта мектебі(Тарбағатай ауданы), Мақсат Нартай, Үлкен Нарын ауылдық лицейі (Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы), Әмір Қасенов, М.Горький атындағы орта мектеп (Үржар ауданы, Үржар ауылы).
Олимпиадаға қатысушылар университетімізге алғыс айтып, мектеп бітірген соң осы ЖОО-да оқығысы келетіндерін білдірді.