Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңестерде 2014 жылы докторлық диссертация қорғаған PhD докторларына дипломдар тапсырылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 2014 жылғы сегіз докторанты PhD философия докторы дипломдарына ие болды. Олар - Гүлназ Жомартқызы мен Әлия Нұғыманова (6Д070300 - ақпараттық жүйелер), Ляйла Баятанова, Бауыржан Рахадилов, Шерзод Құрбанбеков (6Д072300 - техникалық физика), Жанар Оңалбаева, Меруерт Әділқанова (6Д070900 - металлургия), Наталья Зимановская (6Д070600 - геология және пайдалы қазбалар орнын барлау).

Ғылым докторларын шын жүректен құттықтаймыз!