Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 115 студенті Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің базасында онлайн режимде берілген «Болашақтың толқыны» инновациялық он-лайн алаңының ашылуына қатысты. Оған еліміздің басқа аймақтары ЖОО-дары студенттері де қатысты. Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы ЖОО ассоциациясы.

Шараның басты мақсаты - жобаларды зерттеуші студенттерге өз идеяларын бүкіл республикаға таныстырып, оларды жүзеге асыру үшін серіктестер мен инвесторлар табуға көмектесу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара екі айда бір ұйымдастырылады. Зерттеушілер алдын ала берілген өтінімдері бойынша жобаларын ұсынып, оларды краудфандинг «www.novaproject.kz» сайтында тіркей алады.