Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Шығыс Қазақстан облысы мектеп, гимназия, лицейлері 9-11 сынып оқушылары арасында «Лидер «Жас талап - kz» байқауының төртінші соңғы туры өтті.

Бұл дәстүрлі байқау оқу жылы бойы өтеді, ол төрт турдан тұрады. Алғашқы үш турында (сырттай) математика, физика, химия, география пәндерінен өте күрделі бақылау тапсырмалары орындалады. Әрбір қатысушы бірнеше немесе барлық пәндерді таңдай алады. Төртінші тур университет базасында «Жас талап - kz» немесе «Ел ертеңі - kz» журналдарына бір жылға жазылған 11-сынып оқушылары арасында өтеді.

Биыл жеңімпаздар «Математика», «Физика», «Химия», «География» номинациялары бойынша анықталды. Бірінші орынды және ҰБТ-ны табысты өткізген жағдайда университет ректорының ШҚМТУ-да тегін оқуға мүмкіндік беретін грантын («Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа) алғандар: Алтынай Қойшыбекова (физика) П.Карелин атындағы ОМ, Шар қаласы, Жарма ауданы, Арзу Габилова (география) №34 ОМ, Өскемен, Мария Широбокова (химия) № 11 мектеп-гимназиясы,Өскемен, Назерке Есхатова (математика) ШҚО ДБОМИ, Өскемен.

Екінші, үшінші орындағы оқушылар ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.