Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» жүргізген жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде тағы да көшбасшы орындарды иеленді.
Рейтингке бакалавриаттың 26 білім беру бағдарламасы қатысты. Оның ішінде 16 білім беру бағдарламасы еліміз бойынша үздік ТОП-5 қатарына еніп, бұл жалпы бағдарламалар санының 61,5 %-ын құрады.
- 1-орын - 3 білім беру бағдарламасы: Пайдалы қазбаларды байыту, Жылу энергетикасы, Металлургия.
- 2-орын - 6 білім беру бағдарламасы: Медициналық инжиниринг (Медициналық техника), Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Тау-кен ісі, Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау, Жер кадастры және жерге орналастыру, Су ресурстары және суды пайдалану.
- 3-орын - 2 білім беру бағдарламасы: Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- 4-орын - 3 білім беру бағдарламасы: Техникалық физика, Құрылыс, Геодезия және картография.
- 5-орын - 2 білім беру бағдарламасы: Математикалық және компьютерлік модельдеу, Орман ресурстары және орман шаруашылығы.
2024 жылмен салыстырғанда рейтингке енген білім беру бағдарламаларының үлесі ТОП-5 бойынша 59,3%-дан 61,5%-ға, ал ТОП-3 бойынша 37%-дан 42,3%-ға артты.
Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша (95,2%) ШҚТУ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында 2-орынды иеленді.
ҚР ҰКП «Атамекен» рейтингісінің нәтижелері университетте сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлаудың жоғары сапасын, олардың бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ жұмыс берушілер талаптары мен еңбек нарығының сұраныстарына толық сәйкес келетінін тағы бір мәрте растады.