Достар! 2 маусым күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ акт залында «Эразмус+» жобасы аясында еуропалық серіктестермен бірге құрылған «Технологиялық кәсіпкерлік» білім бағдарламасының ашылу салтанаты өтеді.
«Эразмус+» - Еуропалық Одақ бағдарламасы. Бағдарлама білім жүйесін, кәсіби оқытуды, жастар саясаты мен спортын жаңғыртуға және тұрақты дамытуға бағытталған.
Шақырылған қонақтар: Италия, Испания, Словениядан келген жоба үйлестірушілері, Орталық және Орта Азиядан келген серіктестер, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар өкілдері.
Кіру тегін.