31 мамыр күні ШҚТУ-да Huawei ICT Academy ашылу салтанаты өтті. Huawei ICT Academy - Шығыс Қазақстан облысында және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да алғаш ашылып отыр.

Іс шараға АКТ инфрақұрылымы мен зияткерлік құрылғылардың жаһандық тасымалдаушысы "Huawei Technologies Co Ltd" трансұлттық корпорациясының өкілі - сертификаттау жөніндегі менеджер Камашбек Жазира, маркетинг бойынша менеджер Альбина Смагулова, ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректор Денисова Наталья Федоровна, Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің деканы Сәле Құмарғажанова, оқытушулар қатысты.

Салтанатты рәсімде ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректор Денисова Наталья Федоровна, «IT Academy ізденіс жолындағы адамға белгілі бір білім дәрежесін алуға және IT-технологиялар бойынша практикалық дағдыларды тегін қалыптастыруға мүмкіндік береді, үздік курстардың тыңдаушыларын сертификаттау мүмкіндігі барын» атап өтті.

Айта кету керек, Huawei компаниясы АТжЗЖМ оқытушысы Баталова Мадина Есімханқызын және аға оқытушы Ракышева Мадина Әділханқызын дайындық курсынан өтті. Ұстаздардың барлық шығындарын компания өз мойнына алды.

Алдағы уақытта академияның дарынды, үздік білім алушылары үшін Huawei-дің Алматыдағы штаб-пәтерінің базасында және серіктес компаниялардың филиалдарында тағылымдамалар өткізу жоспарлануда.