Тау-кен ісі - қоғамдық өндіріс салаларының маңызды бір тармағы - Жер қойнауын игеру. Өнімдері - өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы мен құрылысқа қажетті шикізаттар. Әлемдік экономикадағы тау-кен ісінің маңызы осы өнімдермен өлшенбек.

Тау-кен ісі білім беру бағдарламасы бойынша оқудың артықшылықтары:

  1. Түлектер білім беру бағдарламалары бойынша тұғырлы дайындық қалыптастырады;
  2. Қазақстан мен бүкіл әлемде сұранысқа ие, маңызды білім алу;
  3. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу (Польша, Жапония, АҚШ және өзге елдер) мүмкіндігі;
  4. Икемді білім алу;
  5. Жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіштері.

Университет "KAZZINC" ЖШС және "ВНИИцветмет" ЕМК сияқты кәсіпорындармен ынтымақтасып, кадрлар даярлайды. Бұл қазақстандық білім беру нарығы үшін бірегей жоба. Филиалдың негізгі артықшылығы - болашақ мамандар теорияны да, практиканы да тең дәрежеде зерделейді.

Тау-кен ісі білім беру бағдарламасын аяқтай сала "KAZZINC" ЖШС, "KAZMINERALS" АҚ, "Шығыстүстімет" ЖШС, "Қазақалтын ТКМК" АҚ, "Сайқан" ЖШС және басқа да көптеген ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік жоғары.

Сұранысы жоғары мамандыққа түс! Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да сапалы білім алыңыз.