Құрметті абитуриенттер! 1 маусымнан университетке түсуге құжаттар қабылданады!
Оқуға түсуге өтініш қабылдау және тіркеу egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар тізімі:
- ұйым басшысының атына еркін формадағы өтініш;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және PDF форматындағы электрондық нұсқасы);
- жеке басты куәландыратын құжат (PDF форматындағы электрондық нұсқа);
- көлемі 3 x 4 сантиметр цифрлы фото;
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
- орта білім базасындағы ҰБТ электрондық сертификаты;
- ведомость көшірмесі (шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін);
- орта білім беру базасында білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
- екпе паспортының (063-нысандағы медициналық анықтаманың) көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы;
- тіркеу куәлігінің көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы (тек орта білім, ТжКБ базасында оқуға түсетін жасөспірімдер үшін).