2025 жылдың 2 маусымында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері үшін «Простор» жазғы экспедициялық кампусында далалық практика маусымы басталды. Бұл оқу маусымына 300-ден астам болашақ маман қатысып, тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен өз кәсіби дағдыларын шынайы еңбек жағдайына барынша жақын ортада шыңдайтын болады.
Кімдер қатысады?
Далалық практика 1–2 курс студенттерін мынадай білім беру бағдарламалары бойынша қамтиды:
- 6B07302 – Геодезия және картография
- 6B07312 – Жер кадастры және жерге орналастыру
- 6B07204 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
- 6B07203 – Тау-кен ісі
- 6B08601 – Су ресурстары және суды пайдалану
- 6B08301 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- 6B07304 – Автомобиль жолдарын салу және пайдалану
- 6B07305 – Құрылыс ісі
Далалық практика не үшін қажет?
«Простор» кампусындағы практика – өндірістік салаға қажетті білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі. Ол студенттерге:
- теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге,
- заманауи далалық зерттеу әдістерін меңгеруге,
- кәсіби жабдықтармен жұмыс істеуді үйренуге,
- топпен жұмыс істеу мен далалық тұрмыста өзін-өзі қамтамасыз ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Студенттер немен айналысады?
- электрондық құралдар арқылы геодезиялық түсірілім жүргізу,
- өлшеу нәтижелерін өңдеп, топографиялық жоспарлар жасау,
- табиғи нысандар мен процестерді зерттеу,
- ғылыми мәліметтер жинау және талдау,
- су қоймасындағы судың сапасын бақылау,
- тереңдік өлшеу жұмыстарын жүргізу,
- су қоймасын барлау және тексеру,
- өсімдіктер қауымдастығын зерттеу және салыстыру,
- гербарий жасау,
- компас пен GPS навигатормен жұмыс істеу,
- жергілікті жерге бағдарлану секілді тапсырмаларды орындайды.
Практика қай жерде өтеді?
«Простор» кампусы – Усть-Каменогорск қаласынан тыс, Бухтарма су қоймасының жағалауындағы көркем табиғат аясында орналасқан. Мұнда студенттер тек оқумен шектелмей, таза ауада демалып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылына күш-қуат жинай алады.
Далалық практика – бұл жай ғана оқу процесі емес, болашақ маман үшін өмірлік маңызы бар ерекше тәжірибе. Ол студенттерге кәсіби шеберлікті меңгеріп, өз ісінің нағыз маманы болуға жол ашады!