2025 жылғы 5 маусымда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде аға буын өкілдерінің белсенді ұзақ өмір сүруін қолдауға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Күміс университеті» әлеуметтік-білім беру жобасының үшінші маусымы сәтті аяқталды.

Маусым барысында тыңдаушылар қазіргі жағдайда сұранысқа ие алты маңызды бағыт бойынша білім алды:

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Сандық сауаттылық
  • Сауықтыру
  • Құқықтық және қаржылық қауіпсіздік
  • Арт-терапия

Курстан өткен барлық қатысушыларына Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор А. Х. Майшекенова курстардың сәтті аяқталғанын растайтын сертификаттар табыстады. Іс-шараның жеке бөлігі бағдарламаны іске асыруға белсенді қатысқан оқытушыларға алғыс хаттар табыстау болды. Олардың кәсібилігі, шынайы қатысуы және біліммен бөлісуге деген ұмтылысы жобаның сәттілігінің негізгі факторларына айналды.

«Күміс университет» жобасы үш жыл бойы «Білім алуға жол - кез келген жаста ашық» екенін көрсетті. Алынған білім мен дағдылар қатысушыларға өздерін сенімді сезінуге, заманауи технологияларды еркін пайдалануға және қоғам өміріне белсенді қатысуға көмектеседі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ жобаның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысын білдіреді және бағдарламаларды кеңейту мен дамытуға одан әрі қатысатындықтарыңызға үміттенеді.

Келер оқу жылында сіздерді және жаңа қатысушыларды күтеміз!