Жыл аяғында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға кезекті жақсы жаңалық келді. ҚР БҒМ тағайындаған мемлекеттік ғылыми стипендияларға ие болу конкурсында біздің университеттің үш жас ғалымы жеңімпаз болды.

Докторант Наталья Зимановская, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ғизат Әбдікерова, докторант Бауыржан Рахаділов өздерінің ғылыми зерттеулеріндегі жетістіктері үшін мемлекеттік ғылыми стипендиат атануға лайық екендерін дәлелдеді.