ШҚМТУ-дың акт залында университет ректоры Нұрлан Темірбеков ЖОО-ның оқытушыларымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді. Әңгіме ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов ұсынған міндеттерді талқылаудан басталды.
«2014-2016 жылдары білім мен ғылымды дамытудың басым бағыттары» атты бағдарламада айқындаған кейбір мәселелер жайлы сөз болды. Олардың ішінде ЖОО-ларда бақылаушы кеңестер құру, ғылымды белсенді дамыту мәселелері бар. Қызу талқыланған мәселе орта мектептердің 12-жылдық оқуға көшуі болды. Н.Темірбеков бұл мәселе жоғары оқу орындарына да байланысты екенін айтты.
Әңгіме міндеттерден бүгінгі жағдайға, болашаққа көшті. Көптеген сұрақтар қойылып, Нұрлан Темірбеков оларға толық жауап қайтарды.