GoCamp - EKSTU Startup академиясының студенті Тахмина Меримбаеваның жобасы. Жоба Шығыс Қазақстан облысында әртүрлі бағыттар бойынша саяхаттар, туристік-экскурсия ұйымдастыруды көздейді. «Каравай» нан зауытының директоры Нұржан Жанабаев студенттердің бастамасын қолдап, демеушілік көмек көрсетті.
Алғашқы кемпинг-саяхат «22 шақырымда» орналасқан ат спорттық-сауықтыру орталығында ұйымдастырылды.
урдың тақырыбы - «Өз-өзіңді жетілдір». Қатысушылар толық қызметтер пакетін алды: екі бағыт бойынша трансфер, фотосессия, барлық қатысушырал үшін алауошағы бар жайлы үй және күніне үш рет тамақтану.
Бағдарламада GOODWILL даму орталығынан шешендік өнер сабақтары өткізілді. Ресейдің театр жұмысшылары одағының мүшесі, актриса және режиссер Дана Турклиева шеберлік сағаттарын өткізді. Бұл шара барысында студенттер барлық қызықтыратын сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды. Қатысушылар үшін сондай-ақ кәсіпкер Павел Шохотимнен бачата бойынша экспресс-сабақ өтті.
GoCamp жобасының қатысушыларының қатарында - Экономика және қаржы колледжінің 3 курс студенті Айя Иргебаева болды.
– Ұйымдастырушыларға осындай тамаша күн үшін алғыс айтамын. Іс-шараның атмосферасы өте жылы болды. Басты артықшылығы кемпинг-тур қатысушыларына арнайы курстар өткізу болды », - деді ол.
GoCamp жобасының табысты дамып, одан әрі жетілуін тілейміз!