Плоггинг Швецияда алғаш 2016 жылы пайда болды. Аудармасы екі түсінікті анықтап береді: jogging – «жүгіру» және plocka upp – «тазалық». Бірнеше жыл ішінде экоқозғалыс көптеген еуропа елдеріне тарап, Қазақстанға да жетті. 

Қазақстан жастарының қозғалысымен EcoStudentKZ жобасы басталып, «эко-плоггинг» форматында ұйымдастырылатын болды. Жоба мақсаты – жастардың санасына экологиялық түсінік пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздесе, сонымен қатар денсаулық күтімі мен табиғатты аялауды бірдей атқаруға болатынын түсіндіру. 

Плоггинг фитнесске негізделгенімен, жүгіру жаттығуын ғана көздемейді. Жүгірер алдында қоқыс қаптарын өздерімен ала шығу қажет. Тәртіп бойынша бір жолды белгілеп, оның бойындағы жүгіре тазалап шығады. Қоқысты жинау барысында фитнес-залында орындайтын жаттығуларды да атқара жүру керек. 

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өңірдегі экологиялық бастамаларды қолдап, оны дамытуға әрдайым қолдау көрсетуге дайын. 

Құрметті оқырмандар, #Ecostudentkz челленджі бір реттік акцияға айналмай, жастар ортасында ғана емес, бүкіл қала тұрғындары арасында жаңа тенденцияға айналуын тілейміз! 

Бізге қосылыңыздар!