«Жоғары және ЖОО кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларды әлеуметтік қолдау» бағдарламасы аясында Сәулет және құрылыс мектебінде профессорлық оқытушы құрам үшін «The use of machine learning methods in eco-construction and ecology» тақырыбында семинар өтті.
19-26 қыркүйек аралығына жоспарланған семинарды PhD докторы, Польша Лоблин технологиялық университеті менеджмент факультетінің доценті Monika Kulisz өткізді.
30-ға жуық мектеп декандары, ұстаздар мен магистранттар кездесу барысында еуропа елдерінде қолданылып жүрген «қоршаған орта инженериясында жасанды нейронды желілерді пайдалану тәжірибесін», «құрылыстағы машиналық үйрету әдістемелерін» зерделеді.
Семинар қорытындысы бойынша, экоқұрылыс және экология саласындағы кейінгі ынтымақтастықты дамытуға келісім жасалды.