2025 жылғы 6–8 желтоқсан аралығында Семей қаласында Shakarim University базасында «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture–2025» атты республикалық хакатон өтті.
Solveathon — студенттерді, зерттеушілерді және индустрия өкілдерін біріктіретін инновациялық жобаларға арналған хакатон. Үш күн бойы командалар аграрлық сала мен жасанды интеллект бағытындағы индустриялық серіктестер ұсынған нақты кейстерге шешімдер әзірледі.
Хакатонға Қазақстанның 7 жетекші жоғары оқу орны қатысты:
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ)
- Astana IT University
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (МУИТ)
- Shakarim University
- Alikhan Bokeihan University
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
ШҚТУ атынан хакатонға екі команда қатысып, олардың біріIII орынғаие болды.
Жас команда мүшелерін жеңісімен және 500 000 теңгекөлеміндегі жүлдемен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉